Қыдырәлі Болманов тұңғыш отандық  батарейкалар шығарды

/uploads/thumbnail/20170708153628159_small.jpg

Белгілі өнер жұлдызы әрі кәсіпкер Қыдырәлі Болманов Balbala батареяларын шығаруды қолға ала бастаған. Қуаттандырғыш батареялар аса сапалы болмақ. ҚазАқпараттың хабарлауынша бұл туралы ол өзінің instagram-дағы ресми парақшасында хабарлаған.

"Тағы бiр жақсы жаңалық, қазақтың тұңғыш батарейкалары. Ерекшелiгi - Қазақстандағы барлық шетел батарейкаларынан екi есе күштi, екi есе арзан болмақ, бұйыртса..." - деп жазған Қ.Болманов. 

Айта кететін болсақ, «Бал-бала» компаниясы қазақша сөйлейтін қуыршақтар өндірумен айналысады. Қуыршақтардың бір бөлігінің прототиптері - қазақ халық фольклорының кейіпкерлері болса, бір бөлігі жан-жануарлар кейпінде бейнеленген.

Қамшы-ақпарат

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар